Үкімет • 02 Наурыз, 2020

Асқар Мамин Еуропа қайта құру және даму банкінің президентін қабылдады

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр А. Мамин ЕҚҚДБ президенті С. Чакрабартимен Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Мамин Еуропа қайта құру және даму банкінің президентін қабылдады

«Өткен 27 жыл ішінде ЕҚҚДБ Қазақстанға салған инвестициялар көлемі қаржы, инфрақұрылым, энергетика, ауыл шаруашылығы салаларында, ақпараттық технологиялар мен коммуналдық қызметтер секторларында, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау бойынша 271 жобаға $9 млрд-тан асты», — деді А. Мамин.

2019 жылы өнеркәсіп, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы және басқа да салаларында $750 млн астам сомаға 29 жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойылды.

Тараптар Қазақстандағы денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртудың кешенді бағдарламасын жүзеге асыруға ЕҚҚДБ-ның алдағы қатысуын талқылады. Атап айтқанда, ЕҚҚДБ Қызылорда, Қостанай, Тараз, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Алматы қалаларында жаңа көп бейінді ауруханалардың құрылысын қаржыландыруға қатысуды жоспарлап отыр.

А. Мамин мен С. Чакрабарти Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы аса ірі жоба — Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын іске асыру мәселесін қарастырды. 

Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, жаңартылатын энергия көздері тағы басқа салалардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына зор көңіл бөлінді. 

Кездесуге Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы М. Әбілқасымова және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Б. Қамалиев қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025