17 Тамыз, 2013

Шарайна

221 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Үндістанның Мумбай портында жарылып, суға батқан «Синдуракшак» сүңгуір қайығынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің денесін алып шығу жұмыстары басталды. Бұл жөнінде кеше жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

 

 

ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ ДЕНЕЛЕРІ ШЫҒАРЫЛА БАСТАДЫ

Үндістанның Мумбай портында жарылып, суға батқан «Синдуракшак» сүңгуір қайығынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің денесін алып шығу жұмыстары басталды. Бұл жөнінде кеше жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Қазірге экипаждың үш мүшесінің денелері су астынан шығарылған. Олардың аты-жөндері әлі анықталған жоқ. Үндістан билігі осының алдында қайық бортындағы 18 экипаж мүшесінің тізімін жариялаған еді. Кешегі жағдайға қарағанда, олардың ешқайсысы тірі қалмаған сияқты. Ел билігі сүңгуір қайықты өздерінің техникалық құралдарымен су бетіне көтеріп шығару операциясын жүргізуге күштері жетпейтінін алға тартып отыр. Сондықтан, олар бұған сингапурлық компанияның немесе Нидерландының мамандарын көмекке шақыруды жоспарлауда.

 

шар1БИЛІК ҮШІН ТАЛАС ҚАНДЫ ҚЫРҒЫНҒА СОҚТЫРДЫ

Мысыр үкіметі Каирде және елдің басқа да қалаларында болған тәртіпсіздіктерден қаза тапқан адамдардың санын жария етті. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі М.Фаталлахтың келтірген мәліметтері бойынша, қақтығыс­тар­дан 465-ке жуық адам мерт болған.

Қаза тапқандардың 43-і полиция қызметкерлері, 422-сі азаматтық тұлғалар екен. Бұлардың жартысынан астамы Каирдегі қақтығыстар кезінде көз жұмған көрінеді. Тәртіпсіздік салдарынан 3,5 мыңдай адам жараланды деген дерек те бар. Египеттің өтпелі үкіметі бүкіл ел бойынша төтенше жағдай жариялады, ал Каир мен 11 провинцияда коменданттық сағат енгізілді.

 

МЕРКЕЛЬ САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАНЫН БАСТАДЫ

ФРГ канцлері Ангела Меркель сәрсенбі күні өзінің сайлауалды науқанын бастады. Осыған байланысты ол Гессен аумағындағы Зелигенштад қалашығында сөз сөйлепті.

Ангела Меркелмен кездесуге бір мыңға жуық адам келген. Олардың басым көпшілігі канцлерді жақтаушылар мен ол жетек­­­шілік ететін ХДС партиясының мүшелері екен. Дегенмен, кездесуге социал-демократтар ұйымына кіретін жастар да қатысып, «Меркель кет!» және «Өтірікші» деп айқайлап, тұрып алған көрінеді. Ал Гер­­­манияда парламенттік сайлау осы жылдың 22 қыркүйегінде өтеді.

 

шар2ТЕРАКТІНІ СҮННИТТІК ТОПТАР ЖАСАҒАН

Бейрут қаласының «Хизбалла» радикалды қозғалысы бақылау жасайтын ауданында болған террорлық әрекетті «Аиши отряды» аталатын сүнниттік топтар өз жауапкершілігіне алды. Бұл жөнінде «Рейтер» агенттігі хабарлады.

Аталған топтың «Хизбалла» шииттік радикалдық қозғалысының жетекшісі Хасан Насраллаға жолдаған бейнеүндеуінде бұл олардың екінші операциясы екендігі және ол жалғасын табатындығы айтылған. Ливия қауіпсіздік қызметінің мәліметтеріне қарағанда, террорлық әрекеттен 20-дан астам адам құрбан болып, 120-ға жуық адам жараланған. Сонымен қатар, бірнеше автокөлік отқа оранып, бірқатар үй зақымданған көрінеді. Жарылғыш қондырғы автомәшинеге қойылған екен.

 

ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯДАҒЫ КҮШТІ ЖЕР СІЛКІНІСІ

Жаңа Зеландияда күшті жер сілкінісі салдарынан ел аумағындағы әуежайлар мен темір жол қатынастары тоқтатылды. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, қуаты 6,8 балл болатын зілзала жергілікті уақыт бойынша сағат 02.31-де тіркелген.

Эпицентрі ел астанасы Веллингтоннан онша қашық емес Южный аралында, 10 шақырымдай тереңдікте болса керек. Артынша тағы бір жерасты дүмпуі тіркеліпті. Оның қуаты – 5,7 балға жеткен. Зілзаладан бірқатар ғимараттар бүлініп, Южный аралында электр жарығы сөніп қалған. Зардап шеккен адамдар жөнінде қазірге ақпараттар жоқ.

 

шар3САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ «ҚАРА ПИАР» БОЛСА КЕР