Аймақтар • 02 Наурыз, 2020

Қостанайда шаңғышылар фестивалі өтті

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Денсаулық шаңғы жолы-2020» деп аталатын бұқаралық спорт фестивалінің алғашқы екі кезеңі бұған дейін облыстың барлық өңірінде ауылдық,  аудандық, қалалық деңгейде өткен.

Қостанайда шаңғышылар фестивалі өтті

Бұл кезеңдегі спорт шаралары оқу орындарында, мекемелерде, әскери бөлімдерде, ауылдық округтерде, қаңтар-ақпан айларында ұйымдастырылған болатын. Іріктеу кезеңдерінен өткен үздік командалар Қостанайда өткен қорытынды жарыста бақ сынасты. Спорттық шараның бейресми бағдарламасы бойынша өткен ашық сайыстар да көпшілік қызығушылығын туғызды. Аяққа шаңғы байлап, шамасын байқап көргісі келген әуесқойлар 1 шақырым қашықтыққа жүгірді.

Шаңғы спортын серік еткеніме жарты ғасырдан асты. Қыс түсе, қала сыртына шығып шаңғымен серуендегенді ұнатамын. Бұл бір ғажап дүние ғой. Таза ауада еркін тыныстап, аяздың жылуын сезінесің. Әппақ әлемге бойлап, қанаттанасың. Бүгінгі шараға немеремді де ертіп келдім, - дейді рудныйлық зейнеткер Наталья Гирик.

Шаңғы фестивалінің барлық кезеңдерін есептегенде, спорттық шараға 10 мыңнан астам облыс тұрғыны қатысты, - дейді ұйымдастырушылар.

 

Қостанай