17 Тамыз, 2013

Шекара қауіпсіздігі – тұрақты дамудың кепілі

469 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Dzhulamanov Nurlan 10 15Кез келген мемлекеттің бастау алар нүктесі – мемлекеттік шекара. Елдің тыныштығы мемлекеттік шекараның берік күзетілуімен тікелей байланысты. 1992 жылдың 18 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен шаңырақ көтерген ҰҚК Шекара қызметі осы жылдар аралығында талай белестерді артқа тастады. Мереке қарсаңында біз ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Нұрлан ЖОЛАМАНОВПЕН кездесіп, шекарашылардың бүгінгі тыныс-тірші­­­лігі жайлы сұхбаттасқан едік.

Dzhulamanov Nurlan 10 15

Кез келген мемлекеттің бастау алар нүктесі – мемлекеттік шекара. Елдің тыныштығы мемлекеттік шекараның берік күзетілуімен тікелей байланысты. 1992 жылдың 18 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен шаңырақ көтерген ҰҚК Шекара қызметі осы жылдар аралығында талай белестерді артқа тастады. Мереке қарсаңында біз ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Нұрлан ЖОЛАМАНОВПЕН кездесіп, шекарашылардың бүгінгі тыныс-тірші­­­лігі жайлы сұхбаттасқан едік.

– Нұрлан Айтманұлы, Шекара қызме­тінің басшылығына келгеніңізге жеті ай­дың жүзі болды. Бұл аз да, көп те уақыт емес. Ал қызметіңізді неден бастадыңыз?

– Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштеріміздің Жоғарғы Бас Қол­басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев­тың Өкімімен ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің дирек­то­ры болып тағайындалғаныма, жаңа өзіңіз айтқандай, жетінші айдан асып барады. Шекара қызметіне басшылыққа келгенімде, ведомстводағы жағдай көпке белгілі еді. Осының алдында ғана, 2012 жылдың желтоқсан айында ҰҚК Шекара қызметінің бір топ білікті офицерлері ұшақ апатынан мерт болды. Өткен жаздағы «Арқанкерген» шекара бекетіндегі орын алған төтенше оқиға да шекарашылар жайлы қалыптасқан қоғамдық оң пікірге көлеңке түсірді.

Қандай жағдай орын алмасын, Шекара қызметіне мемлекеттік шекараны сызатсыз күзету міндеті жүктелгенін ұмытпауымыз керек. Үстіміздегі жылдың 30 қаңтарында Пре­зидент Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығы­мен өт­кен құқық қорғау органдары жетекшілерінің ба­сын қосқан жиналыстағы міндеттер мен талаптарды барлық деңгейдегі басшыларға жеткізу мақсатында ақпан айының басында ауқымды жиналыс өткіздік. Есіңізге сала кетейін, өткен жылдың желтоқсанындағы Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Шекара қызметінің ауқымды реформасын жүргізу керек. Міндет – оның тиімділігін арттыру, материалдық-техникалық базасын жаңғырту. Бұл үшін Қауіпсіздік Кеңесіне менің Әкімшілігіммен және Үкіметпен бірлесіп, Шекара қызметін дамытудың және мемлекеттік шекараны орта мерзімді кезеңде орнықтырудың арнайы кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырамын», – деп көрсетілген еді.

Осы жиналыс барысында Мемлекет басшысының нақты тапсырмасын жүзеге асыруға қатысты көптеген міндеттерді са­ра­ладық. Шекара қызметіндегі орын алған тосын жағдайлардың себебін жан-жақты зерттей келе, оның орын алу себебін анықтадық. Барлығымыз әскери киім киіп, мемлекет айрықша тапсырмалар жүктеген әскери қызметшілер болған соң, әскери қызметтің өмір сүру мен іс-әрекетінің негізгі қағидасы болып табылатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының, жалпы, әскери жарғыларының тиісті талаптарын жоғары деңгейде орындауға тиіспіз. Бүкіл кемшіліктердің негізі осы жарғы талаптарын орындамаудан болып отыр. Сондықтан да, барлық әскери қызметшілер ел Президенті 2007 жылдың 5 шілдесі күні бекіткен әскери Жарғы талаптарын орындауды қатаң бақылауға алуды тапсыратындығымды жеткіздім.

IMG 0191

Ал қызметке тағайындалған соң,