Хоккей • 03 Наурыз, 2020

Гагарин кубогын жеңіспен бастады

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Гагарин кубогы аясында сынға түсіп жатқан елорданың «Барыс» клубы алғашқы ойынын «Ба­рыс Аренада» Магнитогордың «Ме­таллург» командасына қарсы өт­кізіп, ірі есеппен жеңіске жетті.

Гагарин кубогын жеңіспен бастады

Бірінші кезеңнің 14-минутында сан ба­сымдығына ие болған жерлестерміз есепті ашты. Шайба авторы – Кертис Волк. Екінші ке­зеңде де жерлестеріміз тағы бір шайба соғуға мүмкіндік алды. Бұл жолы Атте Охтамаа мергендігімен көзге түсті.

Үшінші кезеңнің аяқта­луына екі минут қалғанда «Металлург» командасының бас бапкері қақпашының орнына мұзайдынға алтыншы ойыншыны шығарған болатын. Қарымта шабуылды сәтті пайдаланған «Барыс» хоккейшісі Ииро Пакаринен бос қалған қақпаны дәл көздеді. Ал 60-минутта команда капитаны Даррен Диц кездесудің нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 4:0.

Екі команда арасындағы екінші ойын бү­гін де «Барыс Аренада» өтеді. Қарымта матч 5 және 7 наурызда Магнитогорде өтеді.