17 Тамыз, 2013

Ақпараттар ағыны

326 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 Биыл Қазақстанда өткен жылғыдан 1,5 есе көп астық жиналады.Кеше осыны мәлімдеген Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков үш өңірдің диқандары 704,5 мың гектар алқаптың астығын жинап алғанын айтты. Астықтың орташа шығымдылығы гектарына 16,5 центнерді құрап отыр.

 

 

Биыл Қазақстанда өткен жылғыдан 1,5 есе көп астық жиналады.Кеше осыны мәлімдеген Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков үш өңірдің диқандары 704,5 мың гектар алқаптың астығын жинап алғанын айтты. Астықтың орташа шығымдылығы гектарына 16,5 центнерді құрап отыр.

Алматы облысында «Қастек» жаңа шекара бекеті ашылды. ҰҚК Төрағасы Нұртай Әбіқаевтың қатысуымен өткен рәсімде жыл соңына дейін оңтүстік және шығыс учаскелерінде нысандар ашылатыны белгілі болды.

Оңтүстік Қазақстандағы ауылдарда газ құбырлары жаңартылып жатыр. «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы қаладағы 940 шақырымдық газ желілерін алмастыруға кірісті. Қазірдің өзінде 190 шақырымдық жоғары қысымдағы газ құбыры ауыстырылды.

Ақмола облысында сыйымдылығы 32 мың тонналық астық қоймасы пайдалануға берілді. «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қаржылық қолдауымен жаңғыртылған «Төңкеріс» кәсіпорнының астық сақтау қоймасына 289,3 млн. теңге жұмсалды.

Кеше Шығыс Қазақстан облысының Қарауыл ауылында «Шыңғыстау-2013» республикалық жәрмеңкесі болып өтті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасы бойынша ұйымдастырылған шараға Ресейдің іргелес Алтай өлкесі мен Алтай республикасынан, Моңғолиядан, сондай-ақ, Қазақстанның 7 облысынан өкілдер қатысты.

Қостанай стансасы кеше жүз жылдан кейін бірінші рет электровоз қабылдады. Ол 2011 жылы басталған ұзындығы 46 шақырымдық Қостанай-Железнорудная желісі аралығындағы темір жолдың бітуіне байланысты жүзеге асты.

Ақтөбеде Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай оның атындағы көшеге мемориалды тақта орнатылды. Бұл рәсімді мәдениет саласының ардагері Өтеміс Әкімов пен композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов жасады.

Қызылордада «Сыр үміті» сыйлы­ғы­ның жаңа иегерлері анықталды. Олардың қатарында облыстың 10 үкілі үміті бар.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz,

TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.