17 Тамыз, 2013

Мемлекеттік мереке аясында

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің айтулы мерекесі – Конституция күніне орай Астанада бірқатар мәдени және мерекелік іс-шаралар өтеді.

 

Еліміздің айтулы мерекесі – Конституция күніне орай Астанада бірқатар мәдени және мерекелік іс-шаралар өтеді.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес, 16 тамыздан бастап Қазіргі заманғы өнер мұражайында «Менің елім, менің елордам» атты көрме, ал №5570 әскери бөлімінде Қазіргі заманғы өнер мұражайының «Батырлар – Отан қорғаушылар» деп аталатын көшпелі көрме ұйымдастырылады. Мерекелік шаралар кестесі «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай­лас­тырылған «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» тақырыбындағы дөңгелек үстелмен жалғасады.

«АЛЖИР» мұражайында елор­да тұрғындары мен қонақ­тары­ның назарына 29 тамыз – 5 қыркүйек аралығында «Тарих – таным айнасы» бейнекөрінісі ұсынылады. 29 тамызда Бейбіт­ші­лік және келісім сарайында ғылыми конференция өткізіліп, «Қазақстан» орталық концерт залында мемлекеттік мерекеге орай мерекелік концерт ұйымдастырылады.

30 тамызда қала тұрғындары мен қонақтары үшін Астана­ның орталық алаңында бұқа­ра­лық-мәдени шаралар ұйым­дас­тырылып, арнайы дайындалған мерекелік концерт көрсетіледі.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».