Спорт • 03 Наурыз, 2020

Бүгін Амманда бокстан құрлықтық іріктеу турнирі басталады

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 3 наурыз күні Иорданияның Амман қаласында бокстан құрлықтық лицензиялық жарыс басталады деп хабарлады Olympic.kz.

Бүгін Амманда бокстан құрлықтық іріктеу турнирі басталады

Азиялық іріктеу турнирінде Олимпиада ойындарына барлығы 63 жолдама сарапқа салынады. 

Қазақстан құрамасы сапынан Азия/Океания аймақтық іріктеу турниріне барлығы 13 салмақтан (8 ерлер, 5 әйелдер) 13 спортшы қатысады.

Ерлер: 

52 келі: Сәкен Бибосынов

57 келі: Серік Теміржанов 

63 келі: Зәкір Сафиуллин

69 келі: Абылайхан Жүсіпов

75 келі: Әбілхан Аманқұл 

81 келі: Бекзад Нұрдәулетов

91 келі: Василий Левит

Әйелдер:

51 келі: Ангелина Лукас

57 келі: Дәметкен Келімбет

60 келі: Римма Волосенко

69 келі: Валентина Хальзова

75 келі: Надежда Рябец