Спорт • 03 Наурыз, 2020

Ақтауда отырып ойнайтын волейболдан ел біріншілігі аяқталды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда тірек-қимылы зақымдалған ардагер спортшылар арасында өткен отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан Республикасының Чемпионаты аяқталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтауда отырып ойнайтын волейболдан ел біріншілігі аяқталды

Маңғыстауда биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған ардагерлер арасындағы сайысқа еліміздің әр өңірінен келген 8 команда қатысып, тартысты ойын көрсетті.

Үш күнге созылған сайыс нәтижесінде Маңғыстау облысы I орын,
Ақтөбе облысы II орын, Шымкент қаласы III орынға ие болды.

1

Өмірге құштар жандар арасындағы спортты насихаттау мақсатындағы шаралар алдағы уақытта жалғасын таппақ.

 

Маңғыстау облысы