Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Ақмолалық құтқарушылардың тәлімді тәжірибесі

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс құтқарушылары төтенше жағдай мамандығында білім алып жатқан студенттерді өз салаларының қыр-сырымен таныстырды. Жедел-құтқару жасағы төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керектігін тәжірибе жүзінде көрсетті.   

Ақмолалық құтқарушылардың тәлімді тәжірибесі

Адам  өмірін сақтап қалу үшін отқа да, суға да түсу бұл жандардың үйреншікті жұмысы. Оқу-жаттығуға қатысқан азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенттері  теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде ұштастырды.

–Болашақта адамдарға қолымнан келгенше көмектесіп, халыққа қалтқысыз қызмет еткім келеді.  Өрт сөндіру бойынша оқу-жаттығу жиынына қатысқанмын. Ал, жедел-құтқару жасағының жұмысымен әлі танысып көрген жоқпыз, сондықтан бұл біз үшін өте пайдалы болды,–дейді азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенті Наталья Павлова. 

Жедел-құтқару жасағының құзырында 14 құтқару техникасы бар.  Мекеменің техникалық базасымен танысуға келген студенттерге қорғаныс құралдары қойылған көрме таныстырылды.

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар бір ай бойы жалғасады. Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары  жергілікті атқарушы органдардың, түрлі мекемелердің қызметкерлеріне де апат бола қалған жағдайда қорғану тәсілдерін үйретпек.

 

 

Ақмола облысы.