Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өтті

1711 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Біз XXI-ші ғасырда, адам санасының шарықтап дамыған уақытында өмір сүру мүмкіндігін алып отырмыз. Бұл бізден осы заманның сұранысы мен талабына сай білімді, рухани байлықты қажет етеді. Баланың жеке тұлға ретінде үйлесімді қалыптасуы мен дамуы өзін-өзі тани білгенде ғана жүзеге аспақшы.

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өтті

Осы орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек жылуын бала өміріне арнап келе жатқан Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының маңыздылығын таныту мақсатында Семейдегі № 3 орта мектебінде «Өзін-өзі тану»:Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтті. Онкүндікте өзін өзі тану пәнінің мұғалімі Сания Бексолтанова сөз сөйлеп, оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа шақырды. Білім ордасының 9-шы және 10-шы сынып оқушылары лездеме жүргізіп, оқушыларға арналған бағдарламаның негізін қалаушы Сара Назарбаева туралы бейнебаян тамашаланды. Дәстүрлі онкүндікті ұстаздар, оқушылар үлкен қуанышпен қарсы алды.

-Бұл онкүндіктің мақсаты, «Өзін-өзі тану» пәнінің авторы Сара Назарбаеваның еңбегін таныту арқылы оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту,-деді Сания Темірболатқызы,- ұлттық және жалпы адами құндылықтарды дамыту, өзара келісім мен  өзара түсіністікке баулу біз үшін аса маңызды.

1

Апталық барысында «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда мектеп кітапханашысы Мира Байелова өзін-өзі тану туралы мағлұмат беретін «Самопознание kz», «Өзін-өзі тану» журналдарының топтамасын және «Мен адаммын», «Тағылым», «Қазақтардың дүниетанымы» тақырыбын қамтыған басылымдармен таныстырды.

-«Өзін-өзі тану» адамгершілік рухани бағдарламасының авторы Сара Назарбаеваға арналған «Алтын жүрек анамыз» атты көрме көпшілікке ұнады,-дейді Сания Бексолтанова,-оқушы шығармашылығын дамыту мақсатында 5-11 сынып оқушылар аралығында эссе байқауы ұйымдастырылды. «Адамгершілік»,«Достық», «Мейірімділік», «Отан» туралы жазған эсселері жинақталды.

 

 

Семей