Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Шардаралықтар әлеуметтік көмектің шарапатын көріп отыр

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Шардара ауданы бойынша өткен жылы 3559 отбасыға қаржылай атаулы әлеуметтік көмек берілген. Ол отбасылардың 2776-сы ірі қара, 432-і уақ мал асырауды қолға алса, 54-і түрлі бағытта өздерінің жеке кәсіптерін ашқан.

Шардаралықтар әлеуметтік көмектің шарапатын көріп отыр

Жеке кәсібін ашқандардың бірі Бауыржан Әліпбаев жаңа кәсіп бастаушы азаматтарға арналған грант арқылы 505 мың теңге ұтып алып, сол қаржыға дәнекерлеу ісіне қажетті кемпи, аргон, инверторлы металды балқытып біріктіретін аппараттар сатып алған.

«Еңбек» бағдарламасымен 3 ай дәнекерлеуші мамандығын оқыған. Бүгінде ауылда сынған көліктер мен түрлі техникаларды жөндеумен айналысып жүрген Бауыржан Әліпбаев кәсіпті бастауына мемлекеттік бағдарламаның көмегі мол болғанын айтады. Бұған дейін егін шаруашылығымен айналысқан ол, бүгінде дәнекерлеуші жұмысын да қолға алған. Жаңа іс бастағалы табысы еселеп артқан кәсіпкер қорғанға арналған қақпа жасайтын цех ашып, кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.

 

 

 

Түркістан облысы