Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Семейде Қазақстанның қасиетті орындары туралы шара өтті

498 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қасиетті Қазақстан» арнайы жобасы аясында «Киелі Қазақстан» атты ақпараттық семинар өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы және осы бағытта қабылдаңған бағдарламаларды жүзеге асыруды көздейтін бұл шараға орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлерімен бірге мектеп және ауылдық кітапханалардың мамандары қатысты, деп хабарлады Семей ақпараттық орталығы.

Семейде Қазақстанның қасиетті орындары туралы шара өтті

-Бүгін біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қасиетті Қазақстан» арнайы жобасы аясында «Киелі Қазақстан» атты ақпарттық семинар өткізіп отырмыз. Шарамыздың басты міндеті, кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық белсенділігін арттыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттаудың жаңа әдіс-тәсілдерін айқындап, рухани құндылықтарды паш етудегі тәжірибені анықтап, тарату. Мұнда біз еліміздің мәдени және қасиетті жерлерін зерттеуге бағытталған «Қазақстанның киелі географиясы» жобасы туралы әңгімелейміз. Мұндай семинарлар, әрине, бұрын да өткізілді, бірақ бүгінгі күннің ерекшелігі де бар, біз бүгінгі таңда Қазақстанның киелі жерлерімен кеңірек танысатын боламыз. Егер бұрын бұл жоба туралы көп көлемде айтылмаса, бүгін біз осы жобадағы еліміздің киелі орындарында нақты тоқтауға ниеттіміз, - дейді кітапхана әдіскері Меруерт Жүкенова.

1

Семей ақпараттық орталығының мәліметінше, шараға қатысушылар «Оңтүстік Қазақстанның 7 кереметі» атты жедел-ақпаратпен, сондай-ақ көрнекі және ақпараттық жұмыстың жаңа түрлерінің бірі – кітапханалық квилт жасау әдісімен, сонымен бірге мультимедиялық «Қызғалдақ туралы аңыздар» атты бейне-шолумен таныстырылып, «Киелі жерлерге саяхат» атты тарихи баттл сайысында бақ сынауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар орталық кітапхана мамандары арасында Үздік библиогид сайысы өтті. Оған қатысушы кітапханашылар Қасиетті Қазақстан арнайы жобасының тізіміне еңген еліміздің киелі жерлері туралы ерекше әсер етіп ұсынды.

Сонымен бірге шара барысында Елбасы ұсынған Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұлттық асыл мұраны, оның ішінде өлкетану әдебиеттерін кең көлемде насихаттап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мақсатында орталықтандырылған кітапхана жүйесінің сайтында құрылған онлайн-кітапхананың тұсаукесері өтті.

 

Семей