Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазалау жұмыстары басталады

1124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл сайын облыс әкімдігінің қаулысымен елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру, санитарлық тазалау және абаттандыру іс-шаралар айлығы жүргізіледі.

Елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазалау жұмыстары басталады

2019 жылы айлық барысында  46 350 адам қатысып,  12 435  тонна қалдық шығарылды. 2019 жылдың 27 шілдесінен бастап Қазақстан бойынша өткізілген «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында 400 тоннадан астам қоқыстар жинақталып, арнайы орындарға тасып шығарылды. Жыл сайын «Таза жағалау» акциясы жүргізіледі. 2019 жылы облыста барлығы 31 613 түп ағаш көшеттері отырғызылды.

-Көктем айы басталысымен тазалық жұмыстары қолға алынады. Тазалық, қоршаған ортаның ластанбауы – денасулық кепілі. Сондықтан, тазалық, абаттаныдру, көгалдандыру мәселесін әрбір жекелеген тұрғын міндетім деп санап, тазалықты өзінен, өз ауласынан бастаса деп ойлаймыз. Бұл қоғамғ ажасалған, түптеп келгенде өзімізге, ұл-қыздарымызға жасалған қамқорлық болып шығар еді, дейді  Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Е. Əділбаев.

 

 

Маңғыстау облысы