Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Өмірзақ Шөкеев салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасын тексерді

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталық аумағында 7 қабатты 14, 12 қабатты 40 тұрғын үйдің және  Батыс Қытай – Батыс Еуропа тасжолының бойында 7 қабатты 10 тұрғын үй бой көтерген. Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы екі ауысымда жүргізілуде.

Өмірзақ Шөкеев салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасын тексерді

Бұған қоса, әкімшілік-іскерлік орталықтың аумағынан жеке құрылыс компаниясы өз қаражаты есебінен 12 қабатты 32 тұрғын үйдің құрылысын жүргізуде. Жыл соңына дейін 12 тұрғын үй тапсырылмақ.  Жалпы құрылысқа 600-ден астам жұмысшы жұмылдырылған. Биыл пайдалануға берілетін тұрғын үй құрылысы нысандарын аралап, сапасын тексерген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыстың баяу жүріп жатқанын айтып, құрылысты мерзімінде аяқтауды тапсырды. Бұл орайда өндірістік кестеден артта қалып қойған бірқатар мердігер мекемелерге айыппұлдар салынып, техникалық қадағалаушы мекемеге ескерту хаттар жолданыпты. Сала басшылары мен мердігер компаниялардың қожайындарымен кездесуінде облыс әкіміне жұмыс қолының тапшылығы мен қағазбастылықтың қолбайлау болып жатқаны айтылды.

Жаңа пәтерлерді өз көзімен көріп, спасын тексерген Ө.Шөкеев құрылыс компанияларының басшыларына инфрақұрылымдық жүйенің тұтынуға сақадай сай болуы тиіс екенін айтып, жұмысшылар санын арттыруды тапсырды.