Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Түркістан: Жалақы төлеу мерзімінің сақталмайтынына шағымданушылар көп

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында жалақы төлеу мерзімінің сақталмайтынын айтып, арызданушылар көп. Облыстық Еңбек инспекциясы бойынша басқармаға арыз-шағымдарымен келген азаматтардың 36% -ы жалақы төлеу мерзімінің сақталмауы, 25%- ы еңбек шартының бұзылуы,12%-ы еңбек демалысын уақытылы бермеу және 4% - жұмыс уақыты нормасын бұзу мәселесін көтерген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма басшысы Бегман Нұрмаханов мәлімдеді.

Түркістан: Жалақы төлеу мерзімінің сақталмайтынына шағымданушылар көп

Басқарма өткен жыл қорытындысымен 11 кәсіпорын мен мекемелерде 1344 жұмысшы алдында 214,3 млн теңге жалақы қарыздарын анықтаған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 8 кәсіпорында 164 млн теңге жалақы қарыздары төленіп, 1 313 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды. Бұдан өзге, басқарма тарапынан 1089 азаматтың арыз-шағымдары қаралып, олардың барлығына заңмен белгіленген мерзімде жауап берілген. Сондай-ақ өткен жылы мекемелер мен кәсіпорындарда барлығы 397 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 445 заң бұзушылық анықталған. Бегман Жамалбекұлысонымен қатар, облыста шетелдік 22 ұйымда 7684 азамат жұмыс істейтінін айтып өтті. Оның ішінде ҚР азаматы – 7533, шетел азаматы – 151. Әлеуметтік дауларға жол бермеу мақсатында шетел қатысуымен құрылған кәсіпорындарда еңбек қатынастары бойынша заң және нормативтік актілердің сақталуы мен орындалуы басқарманың тұрақты бақылауында.

 

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51