Қазақстан • 04 Наурыз, 2020

2020 жылы Қазақстан өңірлерінде автожолдардың 4 мыңнан астам шақырымы жөнделеді

135 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде биыл жергілікті жол желісін дамытуға 262 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат автомобиль жолдарының 4,3 мың шақырымын жөндеу жұмыстарына жұмсалмақ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылы Қазақстан өңірлерінде автожолдардың 4 мыңнан астам шақырымы жөнделеді

Республикалық маңызға ие жолдардың жағдайын жақсартумен қатар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жергілікті атқарушы органдар – әкімдіктерге де қолдау көрсетеді.

Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды дамытуға 2020 жылы 208 млрд теңге бағытталса, оның 115 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 93 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінбек.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының көше желісін дамытуға 50,2 млрд теңге бөлінсе, 4,1 млрд теңгеге елорда мен Алматы қаласы маңындағы жер телімдері сатылып алынады.

Жалпылай алғанда, 350 жоба іске асырылмақ. Осылайша, жыл қорытындысы бойынша жергілікті жол желісінің сапасын  75% дейін жеткізу жоспарланған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 71% құраған еді.  

2019 жылы жөндеу жұмыстарымен қамтылған жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы 4 617 шақырымды құрады. 386 жоба іске асырылды. Жалпы жергілікті жол желісін дамытуға 260,7 млрд теңге, соның ішінде облыстық және аудандық маңызға ие жолдарды дамытуға 203 млрд теңге, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының көше желісін дамытуға 57,7 млрд теңге бөлінген болатын.

Еске сала кетейік, Қазақстандағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 70,9 мың шақырымды құрайды. Жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес қарқынмен жүзеге асырылған жағдайда жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті жолдар желісінің үлесі 2025 жылға қарай 95% дейін жеткізіледі.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025