Әлем • 04 Наурыз, 2020

Коронавирус: Twitter қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеуде

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус жағдайына байланысты Twitter компаниясы өз қызметкерлеріне үйлерінде отырып жұмыс істеулеріне рұқсат берді. Бірақ кейбір мамандар өз жұмысына қажеттілік туған жағдайда офиске келіп те жұмыс істеулеріне болады деп ресми ақпарат таратуда.

Коронавирус: Twitter қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеуде

Компанияның Гонконг, Оңтүстік Корея және Жапония сияқты елдердегі жұмыскерлері қалыптасқан жағдайға байланысты сол елдердегі тәртіпке бағынып, тек қана үйде отырып жұмыс істеулері міндеттелген.

Қазақстандықтар арасында Twitter әлеуметтік желісі қолдан аса кең таралмаған. Бірақ Батыстың дамыған елдерінде аудиториясы бірнеше жүз миллионды құрайтын беделді әлеуметтік желі. АҚШ саясаткерлері, оның ішінде президент Трамп барлық саяси мәлімдемелерін осы әлеуметтік желіны пайдаланып жасайды. Twitter-де күнделікті 500 млн туит жарияланатынын ескерсек, оның қандай ақапараттық беделі бар екенін байқаймыз.

Кеше ғана коронавирустың азайып, қалыпты жағдайға түскені және емделгендер саны өскені туралы жақсы хабар тарады. Осыған байланысты әлемдегі барлық адамдар үшін жұмыс режимі қалыпты жағдайға қайтадан келеді деп сенеміз.