Әлем • 04 Наурыз, 2020

Коронавирус: Қазақстан кейбір бағыттар бойынша әуе рейстерін тоқтатты

248 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2020 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында коронавирусқа қатысты жағдайды бақылауға бағытталған ахуалдық орталық жоспарлы түрде жұмыс істей бастады. Орталықта Қазақстанға тұрақты және тұрақты емес әуе қатынастары бар елдерде инфекция жұқтырған адамдардың статистикасына бақылау жүргізіледі. Бұл туралы ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирус: Қазақстан кейбір бағыттар бойынша әуе рейстерін тоқтатты

Ел үкіметі коронавирустың ел аумағына таралуын болдырмау үшін шаралар қабылдауда. 2020 жылғы 1 наурыздан бастап карантиндік іс-шаралар қолданылатын елдердің тізбесі кеңеюіне байланысты сол елдерден келген жолаушыларға 4-ші күшейту кезеңі енгізілді. Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық тұрақты рейстер (аптасына 34 рейс) 3 ақпаннан бастап тоқтатылды.

«2020 жылғы 1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан – Сеул және Алматы – Сеул бағыттары бойынша тұрақты рейстердің саны аптасына 9-дан 3 рейске дейін қысқарды. «Эйр Астана» әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Сеул бағыты аптасына 2-ден 1 рейске дейін, Алматы – Сеул бағыты бойынша аптасына 5-тен 1 рейске дейін және «Asiana Airlines» әуе компаниясының рейсі 2-ден 1 рейске дейін шектелді. «Mahan Air» әуе компаниясының Алматы – Тегеран бағыты бойынша рейстер 1 наурыздан бастап (аптасына 1 рейс) тоқтатылды. Сондай-ақ, 5 наурыздан бастап Нұр-Cұлтан – Баку бағыты тоқтатылады. Алматы-Баку рейсі 5–тен 1 рейске дейін («Эйр Астана» 3-тен рейске 1 дейін, «Azerbaijan Airlines» 2-ден 1 рейске дейін), Ақтау — Баку рейсі 7-ден 1 рейске дейін (SCAT) шектеледі. «SCAT» әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Токио бағыты 2-ден 1 рейске дейін шектеледі», делінген хабарламада.

Аталған рейстердің тоқтатылуына байланысты, 2020 жылғы 1 наурыздан бастап жоғарыда көрсетілген рейстерге билеттері бар жолаушылар әуе билеттерді сатып алу орны бойынша айыппұлсыз және толық көлемде қайтара алады.


Жолаушылар әуе билеттерді қайтару мәселесі бойынша кеңес алу үшін «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-да 8 (7172) 64 58 41 нөмірі бойынша жедел желі телефоны жұмыс істейді. Жұмыс уақыты жұмыс күндері (5/2) сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025