20 Тамыз, 2013

Сәттер өтіп барады-ау...

1211 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бұлбұл ақын, дүлдүл ақын Қадыр Мырза-Әлімен театрда өткен соңғы сыр-сұхбаттан түйген ой еді

Қадыр ақынды жетпісінші жылдардың соңын ала алғаш мектеп қабырғасында жүрген кезде танып білген едік. Сол тұста аудан орталығындағы кітап дүкенінен «Бұлбұл бағы» , «Ой орманы», «Дала дидары» деген жұп-жұқа кітаптарын сатып алып, шамасы жиырма бестердегі ақынның тұнып тұрған лирикасына тәнті болғанымыз бар.

Бұлбұл ақын, дүлдүл ақын Қадыр Мырза-Әлімен театрда өткен соңғы сыр-сұхбаттан түйген ой еді

Қадыр ақынды жетпісінші жылдардың соңын ала алғаш мектеп қабырғасында жүрген кезде танып білген едік. Сол тұста аудан орталығындағы кітап дүкенінен «Бұлбұл бағы» , «Ой орманы», «Дала дидары» деген жұп-жұқа кітаптарын сатып алып, шамасы жиырма бестердегі ақынның тұнып тұрған лирикасына тәнті болғанымыз бар. Кейінірек әскер қатарында болғанда ала барған әлгі кітаптар алыста жүргенде өзімізге серік, жанымызға рухани азық болды. Еріксіз санаға сіңіп, жатталып қалған жыр жолдары қырық жыл өтсе де әлі күнге дейін зердемізден кетпейді.

Міне, осы уақыт аралығында Қа­дыр Мырза-Әлі ағамыз Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері атанды. Ой түйгені көп үлкен философ, дүлдүл ақын ретінде танылған Қадыр мырза қыруар өлең жолдарын жазып, прозаға да, драматургияға да қалам сілтеп, жиырма томдық кітабын шығарып үлгерді. Тіпті өте ықшам, мірдің оғындай дөп тиетін қысқа афоризмдерін, терең ойларын қағазға түсіріп, күн сайын мерзімді баспасөз беттерінде жариялап жүрді. Қазір ол еңбегі де таптырмас құнды кітап болып, оқырман қолына тиді.

Өмірден өзі кетіп, сөзі қалған Қадыр ағамызбен болған бір салиқалы кездесуде ол кісінің әңгімесін ықшамдап, қағазға түсірген едік. Кездесуді ашқан Жастар театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі, белгілі кинорежиссер Талғат Теменов өз сөзін Қадыр ағаның өлеңімен бастады:

– «Уақыт өтіп барады-ау оны қойшы, сәттер өтіп барады, осы жаман». Сіз осылай жырлап келесіз. Өкінішке қарай, біз сол қас-қағым сәттердің қадірін білмей жатамыз көп ретте. Жазға салым жас­тар театрында Қадыр ағаның бір күнгі поэзия кешін өткізсек дейміз. Сол күні теа­тр актерлері ақынның бір-бір өлеңін оқып, мірдің оғындай афоризмдерін жатқа айтады. Мықты ойларын түйіндей білген, көптеген жазушылардан оқ бойы озық сөз зергерін, поэзияның дүлдүлі ретінде көрерменге ұсыну. Бүгінгі ойымыз, осының алдында өзіңізбен әңгімелесіп, сыр-сұхбат өткізу, – деді.

– Мен шынымды айтайын, сіздердің алдарыңызға еш дайындықсыз келдім. Мына Талғат бауырым телефон шалды да әй-шай жоқ театрға келіңіз деп шақырды. Кейде кімнің қонаққа шақыратынын шамалайсың, бірақ Талғаттың қай уа­қытта шақырып, не айтарын ешкім біл­мейді. Түнде түс көре ме, аяқ астынан бір идеяны алға тартып, күтпеген жерден жақсы нәрсені таба қояды. Мына айтқандарыңыз жаныма жағып, ойымнан жаңыла бастадым. Көптен жылы сөздер естімегендіктен мас болып қалуым ғажап емес, – деп ақын әңгімесін қалжыңмен бас­тады. Ақын алдымен театр төңірегінде ой қозғады. Жалпы, театр деген сұмдық керемет әлем ғой. Біз кейде бір сөзге мән бере бермейміз. «Қаланың орталығы» деген ұғым бар. Көне грек заманында амфитеатрлар болғанын білеміз. Сол театрлар қай жерде болса, қаланың орталығы, яғни эпицентрі сол жер саналған. Сол гректерде театрдың ашылу маусымы қалай болғанын айтайын. Бір жыл бойы Эсхил, Эврипид, Софокл секілді даналар өздері жазған дүниелерін келер жылы қыркүйекте бітіреді. Соның бәрі екшеуден өтіп, конкурс секілді бәйге болып, озып шыққан үздіктері бел­гіленіп, сыйлықтарын алып, бақандай екі айға созылған бүкіл мемлекеттің тойына ұласады. Ең тамашасы, жазаланған қылмыскерлерді гректер театрдың ашы­лу маусымында екі айға босатып жіберетін болған. Сөйтіп, оларға теа­трдың ашылу салтанатын көрсету. Міне, өнер осылай бағаланған.

Бүгінде бастықтарды театрға шақыру жіберіп келтіру қиын. Әрине, оларды да түсінуге болады, шаруадан қолдары тие бермейді, не сапарда жүреді. Келмейін демейдi-ау, уақыттары жетпейдi. Қадыр ақынның айтуынша, балаларға, көп ретте «әкім болма, бастық болма» дейді. Шынында бастықтардың күнделікті қат-қабат шаруадан үйіне келіп емін-еркін отыруларына мүмкіндігі жоқ. Еркіндікке не жетсін. Жалпы, өмірдің қызығы не екенін де біліп, түсініп үлгере алма

Соңғы жаңалықтар