Қазақстан • 03 Наурыз, 2020

«Жас Ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері бала-бақша аумағын қардан тазартты

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен демалыста «Жас Ұлан» Республикалық мектебінің тәрбиеленушілері №70 бала-бақшасының аумағын қардан тазартуға көмек көрсетті.

«Жас Ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері бала-бақша аумағын қардан тазартты

Бала-бақша әкімшілігінің өтінішіне мектеп басшылығы бей-жай қарамай,  25 тәрбиеленушісін көмекке жіберді.

Мемлекет басшысы 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялағаны белгілі. Тәрбиеленушілер мұндай акцияларға жиі қатысып тұрады.

Демалыс күндері сабақ болмағандықтан, ұландар таңертең сағат 10-да жұмысқа кірісті. Қажырлы еңбектің, ұйымшыл ұжымның арқасында жігіттер 2 сағат ішінде ауланы қардан тазартты. Бала-бақша әкімшілігі «Жас Ұлан» Республикалық мектебінің ұжымы мен ұландарға үлкен алғысын айтты. 

Айта кету керек, елдегі еріктілер қозғалысы барлық жерде жүргізілуде. Еріктілердің жұмысы – бұл жай ғана тегін жұмыс емес, ол азаматтардың жауапкершілігі мен әлемді жақсы жаққа өзгертуге дайын екендігінің көрсеткіші.