20 Тамыз, 2013

Универсиаданың күміс жүлдегері

318 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Адамдардың жылт еткен жақ­сылығына жаны қалмай қуанатын кәсіпкер Қайырғали Арыстанғалиев аяқ астынан хабарласты. Қашанғы аңқылдаған ақ еділ көңілімен өзімсіне әңгімесін бастай жөнелді. Әңгіме ауанынан Татарстанның астанасы – Қазан қаласында өткен Бүкіләлемдік Универсиадаға қаты­сып, белбеу күресінен күміс жүл­демен оралған балуан Димаш Мол­дашевті таныстырмақ ниетте екенін аңғардым.

Адамдардың жылт еткен жақ­сылығына жаны қалмай қуанатын кәсіпкер Қайырғали Арыстанғалиев аяқ астынан хабарласты. Қашанғы аңқылдаған ақ еділ көңілімен өзімсіне әңгімесін бастай жөнелді. Әңгіме ауанынан Татарстанның астанасы – Қазан қаласында өткен Бүкіләлемдік Универсиадаға қаты­сып, белбеу күресінен күміс жүл­демен оралған балуан Димаш Мол­дашевті таныстырмақ ниетте екенін аңғардым.Өзім де уақыт тауып жүлдегер жерлесімізбен жүздесуді ойлап жүр едім. «Сабақты ине – сәтімен» дегендей, орайы келгеніне қуана келістім.

Спорт десе, ішкен асын жер­ге қоятын, елдің намысын көте­ретін спортшыларды ұдайы қол­дап жүретін кәсіпкер жігіт көп күттірмей-ақ, жүзінен имандылық лебі ескен балуанмен кездестірді. Үшеуара әңгіме желісі белбеу кү­ре­сінен спорт шебері Димаш Мол­­дашевтің спорттық жолына ауысты.

– Қазақстаннан Универсиадаға барған белбеу күресі шеберлері арасында жалғыз күміс медальға ие болған жерлес жігітіміздің мерейін көтеру басқа жастардың спортқа келуіне ықпал етер еді, –дегенді қосып қойды Қайырғали бауырымыз.

Димаш қарапайым отбасында туған екен. Қарғалы ауылында тұратын әкесі Әбуғали зейнетке шыққанша жүргізуші болып еңбек етіпті. Анасы Балзия әлі күнге перзентханада жұмыс істейді. Әкесі ұлының спортпен айналысуына о бастан-ақ қарсы болмапты. Димаш бесінші класта оқып жүргенде Қарғалы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде грек-рим күресі үйірмесіне қатысты. Алғашқы жаттықтырушысы Әліби Балбосыновқа жігерлі, еңбекқор бала бірден ұнады. Мектепішілік біріншіліктерде көзге түсіп, жасөспірімдер арасындағы облыстық жарыстарға қатыса бас­тады. Кейін жоғары оқу орнына түсіп, оны бітіргеннен кейін байланыс саласына жұмысқа орналасты. Сонда да жаттығуды тастаған жоқ. Сөйтіп жүргенде, достары Ақтөбе қаласында белбеу күресінен жас балуандарды баулитын жаттықтырушы Сәндібек Ахетовпен таныстырады.

– Ол бірде маған жарысқа қа­тысуға ұсыныс жасады. Бұл бел­беу күресімен түбегейлі айна­лысуымның баспалдағы болды десем артық айтқандық болмас, дейді Димаш Молдашев.

Бос уақытын жаттығуға арнайтын жас балуанның белбеу күресінде жеткен жетістіктері аз емес. 2009 жылы ел біріншілігінде – үшінші, ал келесі жылы бірінші орынды иеленсе, 2011 жылы Қазақстан кубогында үшінші орынды қанағат тұтты. 2010 жылы әлем біріншілігінде бесінші орынға табан тіреп, жүлдеге таяу қалған, 2011 жылы Бішкекте өткен әлем чемпионатында жолы болмады. Биыл Орынбор облысында өткен Бүкілресейлік халықаралық турнирде жасындай жарқырай көрініп, жеңімпаз болды.

– Мені Универсиадаға баратын белбеу күресі балуандары құрама командасының бас жаттықтырушысы Ербол Мырза­босынов Астанада өткен іріктеуге арнайы шақырды. Бағымды сынап көрмек болып, шақыруды құп алдым. Жаттықтырушылардың ұйғарымымен еліміздің универ­си­тет құрама командасына енгі­зілдім. Универсиадаға мені алғаш­қы жаттықтырушым Әліби Балбосынов өзі жеке дайында­ды. Жаттықтырушымның еңбегін, балуан ретінде сенім артқан жер­лестерімнің үкілі үмітін ақтаға­нымды мақтаныш тұтамын.

Ол қала маңындағы Қарғалы ауылында тұрады, байланыс инженері болып еңбек етеді. Ол Универсиададан келгенде, құшақ жая қарсы алған ауылдастарына, туысқандарына және облыстық спорт басқармасының өкілдеріне дән риза. Алда белбеу күресінен әлем біріншілігі өтеді. Нағыз спортшы арқаны кеңге салмайтыны белгілі. Әлемдік деңгейдегі жеңістің дәмін татқандарда бос уақыт болмайтыны анық. Белбеу күресінен спорт шебері Димаш Молдашев та боз кілемдегі күнделікті жаттығуларын бастап кетіпті. Ол жеңіс биіктерін бағындыру үшін босаңсуға болмайтынын түсінеді. Сондықтан да бос уақытын боз кілемде әдіс-тәсілдерді ширатуға арнайтын ол бұл жолы да өзі жаттығатын Қарғалы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттығу залына асығулы екенін аңғартты. Біз жас балуанға алда да сәттіліктер тілеп қоштастық.

Сатыб