Аймақтар • 04 Наурыз, 2020

Шымкенттік «Ордабасы» футбол командасының жаңа құрамы таныстырылды

716 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Лига командалары арасында Шымкенттің намысын қорғайтын «Ордабасы» командасының жаңа құрамы таныстырылды.

Шымкенттік «Ордабасы» футбол командасының жаңа құрамы таныстырылды

Құрамадағы жаңа ойыншылардың деңгейі туралы команданың бас бапкері Кахабер Цхададзе арнайы сұхбат берді. Команда құрамында былтыр жасындай жарқылдаған үздіктер бар.

Клуб президенті Бақтияр Байсейтов биыл, былтырғы орыннан бір саты жоғары көтерілу үшін барын салатынын айтты.

Еске сала кетсек, «Ордабасы» былтыр лига кестесінде үшінші орынға тұрақтап, қола жүлде алған еді. Алда 7 наурыз жерлестеріміз өз алаңында биылғы маусымашар матчта Көкшетаудың «Оқжетпесімен» кездеседі.

 

Шымкент