Аймақтар • 04 Наурыз, 2020

Жаттықтырушылар ауылға барады

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауылдарға барып, балаларды жаттықтыруды жоспарлап отыр.

Жаттықтырушылар ауылға барады

Еріктілер жылына орай Шығыс Қазақстанда «Ауылдағы жаз» жобасы қолға алынбақ. Жоба аясында кәсіби жаттықтырушылар жазғы демалыста ауылдарға барып, балаларды жаттықтыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. «Бұл жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының «Tarbie» бағдарламасы аясында әзірленді. Жоба барысында жаттықтырушылар жазғы демалыс орындарына, балалар үйіне және ауылдарға барып, жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, олар жергілікті жаттықтырушыларға да дәріс өткізеді. Бірінші кезекте аудан орталықтары мен қалаларға емес, шалғайдағы елді-мекендерге бапкерлер жіберілетін болады» деді облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаков.

Қазір уақытта ауылдар өтініштерін жіберуде. Келген өтініштерге орай арнайы тізім жасалып, жұмыс жүргізіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

 

Соңғы жаңалықтар