20 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

289 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы

«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17 және 21-баптарына сәйкес және қазақстандық қоғамды одан әрi демократияландыру, халықты елде жүргiзiлiп жатқан реформалар туралы хабардар ету, атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершiлiгi мен есептiлiгін арттыру, халықты мемлекеттiк басқару процесiне кеңiнен тарту мақсатында қаулы етемін:

Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы

«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17 және 21-баптарына сәйкес және қазақстандық қоғамды одан әрi демократияландыру, халықты елде жүргiзiлiп жатқан реформалар туралы хабардар ету, атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершiлiгi мен есептiлiгін арттыру, халықты мемлекеттiк басқару процесiне кеңiнен тарту мақсатында қаулы етемін:

1. Барлық деңгейдегi әкiмдер халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзіп, олардың барысында елде жүргiзiлiп жатқан реформалардың iске асырылуы, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң есепті кезеңдегі әлеуметтiк-экономикалық дамуы, оны одан әрi дамытудың мiндеттерi мен негiзгi бағыттары туралы хабардар етсiн.

2. Халыққа есеп беру кездесулерін өткізудің мынадай мерзімділігі белгіленсін:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері – жыл сайын бiрiншi тоқсан iшiнде;

2) аудандардың (облыстық маңызы бар қала­лар­дың), қалалардағы аудандардың әкімдері – жар­тыжылдықта бір рет, бiрiншi және үшінші тоқсандар ішiнде;

3) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, сондай-ақ кенттер мен ауылдардың әкімдері тоқсанына бір рет, тоқсанның бірінші айының ішінде.

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдерi халыққа есеп беру кез­десулерi өткізілген күннен бастап бiр айдан кешiк­тiрмей төмен тұрған әкімдер кездесулерінің есепті жылдағы қорытындыларын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлігін және Yкiметiн оның нәтижелерi туралы хабардар етсiн.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларының қатысуын;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша халыққа есеп беру кездесулерінің қорытындылары бойынша халық көтерген проблемаларды шешу жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдерi және олардың орынбасарлары аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), қалалардағы аудандар әкімдерінің жылдың қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі бірінші тоқсандағы халыққа есеп беру кездесулеріне қатыссын.

6. «Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 1546 Жарлығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 154-құжат).

7. Осы Жарлық 2013 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 15 тамыз.

№ 615.