Қазақстан • 04 Наурыз, 2020

Қазақстан мен Эстония екіжақты қарым-қатынастың жаңа белесін бағындырмақ

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының елшісі Нұрлан Сейтімов Эстония Республикасының Премьер-Министрі Юри Ратаспен кездесті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Эстония екіжақты қарым-қатынастың жаңа белесін бағындырмақ

Кездесу барысында Ю.Ратас Қазақстан басшылығының Эстониядағы дипломатиялық өкілдіктің деңгейін Елшілікке дейін көтеру туралы шешіміне ризашылығын білдіріп, тығыз және сындарлы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

Н.Сейтімов өз кезегінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық өзгерістер туралы, сондай-ақ біздің елімізде қолайлы инвестициялық климат құру жөнінде қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, тараптар транзиттік-логистикалық саласында, сондай-ақ  озық халықаралық тәжірибенің бірі саналатын Эстония тәжірибесін қолдана отырып денсаулық сақтау, білім беру, ауылшаруашылығы және басқа салаларды цифрландыру бойынша ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша өзара ықпалдастықтың барлық спектрінде Қазақстан-Эстон ынтымақтастығын одан әрі дамыту және нығайту бойынша әзірлігі расталды.

Соңғы жаңалықтар