Спорт • 04 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан қаласы мектеп оқушылары арасында гандболдан Азия чемпионатын өткізу құқығын жеңіп алды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алғаш рет елордамызда 2021 жылғы 19-24 шілде аралығында мектеп оқушылары арасында гандболдан Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы елорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы мектеп оқушылары арасында гандболдан Азия чемпионатын өткізу құқығын жеңіп алды

«Нұр-Сұлтан» қаласы әкімдігінің «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС Қазақстан мектеп спорт федерациясымен бірге мектеп оқушылары арасында гандболдан Азия чемпионатын өткізу құқығына арналған биддингке (конкурс) қатысты. Өтініш Халықаралық мектеп спорт федерациясына (ISF) және Азия мектеп спорт федерациясына (ASSF) жіберілді. Нұр-Сұлтан қаласынан түскен өтінішті қарау нәтижесінде оң шешім қабылданды.

Нұр Сұлтан қаласында іс-шара өткізу туралы шешім қабылдаған кезде қалалық туризмнің даму болашағы, жүзеге асырылған сәтті жобалар мен іс-шаралар тәжірибесі, тұрақты даму, экономика, әлеуметтік сала және елорданың әкімшілік жүйесі ескерілді.

Бұл Азия мектеп спорт федерациясының қолдауымен Қазақстанда ұйымдастырылған мектеп оқушылары арасындағы алғашқы халықаралық жарыс.

Жарысқа Азияның кем дегенде 10 елінен 200-ден астам оқушы қатысады.

Сондай-ақ, чемпионат аясында Атқарушы комитеттің отырысы мен Азия мектеп спорт федерациясының 10-шы форумы өтеді. Форумға Азияның 20 елінен 60-тан астам ұлттық мектеп спорт федерациясының өкілдері қатысады.

Қазақстандық мектеп спорт федерациясы, өзін-өзі қаржыландыратын үкіметтік емес ұйым - Халықаралық мектеп спорт федерациясы (ISF) және Азия мектеп спорт федерациясының (ASSF) толыққанды мүшесі. ISF және ASSF аясында Бүкіләлемдік гимназиадалар, жекпе-жек сайыстары, инклюзивтік және танымдық ойындар, 40-тан астам спорт түрлері бойынша әлем және құрлықтық мектеп чемпионаттары өткізіледі.