20 Тамыз, 2013

Ықпалдастықтың жаңа белесі

243 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Үкімет басшысы екі ел көшбасшыларының екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы тұрақты саяси үнқатысуының рөлін атап көр­се­те отырып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің алда тұрған Қа­зақстанға мемлекеттік сапарының айрықша маңыздылығын атап өтті.

С.Ахметовтің айтуынша,­ Қазақстан мен ҚХР арасын­да­ғы сауда-экономикалық ын­ты­мақ­тастық ырғақты дамуда. 2012 жыл­дың қорытындысы бойынша, тауар айналымы көлемі 25 млрд. доллардан асты, ал 2015 жылға қарай тауар айналымын 40 млрд. долларға дейін жеткізуге мүмкіндік бар.

С.Ахметов мұнай-газ, энергетика, көлік саласы, АӨК-ті және транзиттік әлеуетті дамытуды өзара қарым-қатынастардың перс­пективалы бағыттары ретінде атап өтті. Осыған байланысты ол Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі желісі бойынша байланыстарды нығайту қажеттілігіне тоқталды.

С.Ахметов атап өткеніндей, трансшекаралық өзендерді реттеу саласындағы ынтымақтастық та Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріп­тестіктің маңызды аспекті болып табылады. Ол Су бөлінісі туралы мемлекетаралық келісім жобасын талқылауды бастауды ұсынды.

Біз бұл мәселені лайықты реттеу жолын міндетті түрде табамыз, трансшекаралық өзендер біздің халықтарымызды жалғастыратын дәнекерге айналатын болады, деді қытайлық дипломат өз кезегінде.

ҚХР СІМ басшысы С.Ахме­тов­ке ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянның сәлемі мен игі тілектерін жеткізді. Қытайдың жаңа басшылығы Қазақстанмен стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға зор маңыз береді, деп атап өтті Ван И. Сондай-ақ, ол ҚХР Төрағасының алдағы сапарының екіжақты қарым-қатынастар дең­гейін жаңа биіктікке көтеруге жағ­дай жасайтынына сенім білдірді.