Семей қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалының «Жас Отан» жастар қанаты және ШҚО саяси менеджмент мектебі «Жастар – ауылға!» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Тренингке Шығыс Қазақстан облысындағы аудандық «Жас Отан» ЖҚ-ының атқарушы хатшылары келіп қатысты.
Семей қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалының «Жас Отан» жастар қанаты және ШҚО саяси менеджмент мектебі «Жастар – ауылға!» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Тренингке Шығыс Қазақстан облысындағы аудандық «Жас Отан» ЖҚ-ының атқарушы хатшылары келіп қатысты.
Семинар-тренингте Парламент Мәжілісінің депутаты М.Бегентаев жастармен кездесті, олардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Жиын барысында «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры және «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» өкілдері өз бағдарламаларын кеңінен түсіндіріп, жас отбасыларға берілетін баспана мен кәсібін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге көрсетілетін қаржылай қолдау тетіктерін таныстырып өтті. Бұл қала жастары үшін аса маңызды.
«Нұр Отан» ХДП кеңесшісі Нұртаза Сұңғат «Жас Отан» ЖҚ мүшелеріне әлеуметтік желілерді тиімді пайдаланудың қыр-сырын үйретті. Семей қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айдар Садырбаев «Жаңа қазақстандық патриотизм – гүлденген мемлекеттің негізі» атты баяндамасын оқыды.
– Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының мақсатын, негізгі басымдықтарын түсіндіру, жастарға дұрыс бағыт сілтеу біздің басты мақсатымыз, – деді Айдар Серікқазыұлы өз сөзінде.
Сондай-ақ, Семей қаласының ішкі саясат бөлімі мен Орталық саябақ басшылығы бірлесіп, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты Орталық саябақта мемлекеттік грантқа ие бола алмаған талапкерлерге арналған «Мамандықтар жәрмеңкесін» өткізді. Шара барысында абитуриенттер қаланың ЖОО мен колледждерінде оқытылатын сұранысқа ие мамандықтармен танысып, оқу ақысын төлеу үшін банктерден несие алу мүмкіндігі туралы ақпараттар алды.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.
СЕМЕЙ.