20 Тамыз, 2013

Шалғайдағы ауылда да балабақша ашылды

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйтеке би ауданының Ұшқат­ты ауылы – шалғай елді мекен­дер­дің бірі. Жақында мұнда жаңа балабақша іске қосылып, тұр­ғындарды қуанышқа бөледі. Балабақша үшін бұрынғы кеден қызметі орналасқан ғимарат үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта жарақтандырылды.

Аудан әкімінің орынбасары Зоя Бөлекованың айтуынша, ескі ғимаратты жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 3,1 миллион теңге бөлінген. Бұдан басқа мектепке дейінгі балалар мекемесін жиһазбен, басқа да қажетті заттармен жабдықтауға 2 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Ал «Бөбек» балабақшасы 25 бүлдіршінге арналған.

Ауылда мектеп жанындағы 15 орындық шағын орталық жұмыс істейді. Қазір мұнда бүлдіршіндерді мектепке дейінгі балалар мекемесімен қамту мәселесі шешілді деуге әбден болады. Сондай-ақ, биыл Қарабұтақ ауылында 75 орындық балабақша құрылысы аяқталады деп күтілуде. Оған 2011 жылы республикалық бюджеттен қаржы бөлінгенімен, құрылысы аяқталмай қалыпты. Ауданда мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.