Аймақтар • 05 Наурыз, 2020

Шымкент: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

1282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.


Шымкент: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

«Қайырлы кеш, қымбатты достар! Бүгін мен Денсаулық сақтау басқармасының басшылық қызметінен отставкаға кеттім. Республикалық маңызы бар Шымкент қаласында аз уақыт ішінде үлкен тәжірибе жинадым, сонымен қатар көптеген жаңа достар мен серіктестер таптым! Мен қала әкімі М.Айтенов басқаратын әкімдікке, барлық депутаттар корпусына, Денсаулық сақтау басқармасының ұжымына, дәрігерлерге, сондай-ақ, Шымкент қаласының тұрғындарына мейірімділік пен түсіністік танытқандары үшін алғысымды білдіргім келеді! Баршаңызға мықты денсаулық және барлық істерде өркендеу тілеймін! Ал сүйікті Шымкент қаламыз өркендеп, дами берсін» деп жазды Асхан Байдувалиев.