Аймақтар • 05 Наурыз, 2020

Өмірзақ Шөкеев: Жасыл белдеу Түркістанның табиғи тынысына айналады

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығы Түркістан қаласының айналасында бүгінде милионнан астам көпжылдық ағаш көшеттері жайқалып, өсіп тұр. Шаған, терек, қайың, қарағаш, арша, үйеңкі ағаштарын отырғызу биыл да жалғасын табуда.

Өмірзақ Шөкеев: Жасыл белдеу Түркістанның табиғи тынысына айналады

Қала маңындағы «Жасыл белдеу» аумағын аралап, қыста егілген ағаштардың көктегенін көріп шыққан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бірнеше тал егіп, көктемгі ағаш отырғызу науқанын ашып берді. Аумағы 8 мың гектарға жуық жасыл алқаптың көлемін алдағы уақытта екі есе арттыру көзделген. Ал су жүйелерін енгізу жұмыстары наурыз айында толық аяқталады. Ұңғымалар қазылып, көшет отырғызылған жерлер қоршалуда. «Қаланың іші мен айналасын көгалдандыру жаңарған шаһардың құрылысындағы маңызды мәселелердің бірі. Жасыл алқап Түркістанның табиғи тынысына айналады. Соның арқасында ауа тазарып, қала шаң мен желді дауылдан қорғалады. Сонымен бірге, қала тұрғындарының сүйікті демалыс орны болары сөзсіз. Өйткені жасыл белдеу аумағында су арналары мен жасанды көл пайда болады», деді облыс әкімі.

Жасыл белдеудегі тәлімбақта Түркістан қаласының климатына тез бейімделетін, тек өзге мемлекеттерде өсетін өсімдіктерді жерсіндіру бойынша тәжірибелер жасалады. Мұндағы мақсат - кейбір қылқанжапырақты ағаш түрлерін жасыл белдеуде өсіру үшін бейімдеу.

1

 

Түркістан облысы