Осыған байланысты өткен баспасөз жиынында «Аntikor Ortalygy» мамандары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда әдеп қағидаларын қалыптастыру мәселелері жөнінде сөз етті. Жиынға мемлекеттік ұйымдардың, сонымен қатар квазимемлекеттік сектордың өкілдері қатысты.
Бұл ең алдымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қоғамда парасаттылық қағидаларын қалыптастыруға бағытталған бастама. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметкерлерге өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауына тыйым салынады. Сыйлық алған фактілер анықталған жағдайда сыйлықтарды арнайы мемлекеттік қорға жеті күн ішінде тапсыру қажеттігін мемлекеттік қызметшілердің назарын аударамыз. Бұлай болмаған жағдайда мемлекеттік қызметшілер тәртіптік, әкімшіліктік, тіпті, қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылады, - деді Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Рүстем Болат.
Басқарма басшысының айтуынша, егер сыйлықтың құны 2 айлық есептік көрсеткіштен (1АЕК – 2651теңге) жоғары болса, сыйлық берген адамға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (530200 теңге) әкімшілік айыппұл қарастырылған. Ал сыйлық алған қызметкерге 600 айлық есептік көрсеткіш (1 590 600 теңге) айыппұл салынады. Ал одан жоғары сома пара болып есептеліп, сый-сияпат жасаушы мен оны алушы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қостанай