Қазақстан • 05 Наурыз, 2020

Елімізде экспорттық бақылаудың ұлттық жүйесі жетілдіріледі

222 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі экспорттық бақылаудың қазіргі заманға сай және тиімді жүйесін құру мақсатында «Ерекше тауарларды бақылау туралы» және «Ерекше тауарларды бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын әзірлеп жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде экспорттық бақылаудың ұлттық жүйесі жетілдіріледі

Бұл заң жобалары жаппай қырып-жою қаруын таратпауға қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін сақтауға бағытталған (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1540 қарары) қару-жарақ пен әскери техниканы заңсыз сатуға жол бермеуді көздейді (қару-жарақ саудасы туралы шарт).

Қазіргі кезде заң жобаларының тұжырымдамалары Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 499-шы отырысында мақұлданды.

Айта кету керек, қолданыстағы "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 2007 жылы қабылданған болатын. 10 жылдан астам бұрын құрылған қосарлы және әскери мақсаттағы тауарларды бақылау жүйесінің қалыптасқан ұйымдық құрылымы мен халықаралық стандарттарға жауап беретін толыққанды заңнамасы бар.

Қазіргі уақытта елімізде заң жобасының белгіленген нормаларын, сондай-ақ қосарлы және әскери мақсаттағы тауарлар айналымын бақылау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдану тәжірибесі жеткілікті жинақталған. Қос және әскери мақсаттағы тауарларды бақылау саласындағы қолданыстағы заңнаманың артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды.

Сонымен қатар тез өзгеріп жататын халықаралық ахуал жағдайында қосарлы және әскери мақсаттағы тауарларды бақылаудың ұлттық жүйесі Нормативтік-құқықтық базаны тұрақты дамытуды және жетілдіруді талап етеді.

Қазіргі уақытта заң жобалары Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына келісім жұмыстарын жүргізу үшін жолданды.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025