Аймақтар • 05 Наурыз, 2020

«Рухани жаңғыру»: Қостанайда 177 жоба іске қосылды

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өңірдің білім беру саласында 124 жоба жүзеге асырылып, салалық  инфрақұрылымды дамытуға, материалдық-техникалық жағдайды жақсартуға, ауылдық елді мекендерге жас маман мұғалімдерді тартуға жалпы құны 289 млн теңге болатын қомақты қаржы құйылған. Облыста былтыр тек демеушілер көмегінің арқасында ғана  65 ІТ сынып, 30 робототехника кабинеті ашылды.

«Рухани жаңғыру»: Қостанайда 177 жоба іске қосылды

Облыс әкімдігінде өткен жиында бағдарламаның аталмыш салада жүзеге асырылу барысы талқыланды.  

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бізге мектеп музейлерінің көптеп ашылуына мүмкіндік беріп отыр. Соңғы үш жылдың ішінде мектеп жанынан ашылған музейлер саны екі есе көбейді. Мәселен, Қостанай қаласындағы физика-математика лицейінің жанынан былтыр ғана ашылған өлкетану музейі республикалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды. Биыл Арқалық қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас Ұлан» орталығында цифрлық музей ашылады, - деді облыстық Білім беру басқармасының басшысы Василий Цымбалюк.

 

 Қостанай