Спорт • 05 Наурыз, 2020

Батыр Жүкембаев IBO рейтингінің үздік ондығына кірді

159 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халықаралық бокс федерациясы (IBO) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Бұл туралы Sport.kz хабарлады.

Батыр Жүкембаев IBO рейтингінің үздік ондығына кірді

Назарларыңызға Қазақстан боксшыларының орындарын ұсынамыз:

Аса ауыр салмақтағы Иван Дычко 76-шы орыннан 77-ші орынға сырғып, Руслан Мырсатаев 88-ші орынға тұрақтады. IBO Inter-Continental чемпиондық белбеуі Жан Кособуцкийге тиесілі. Бірінші ауыр салмақтағы Әли Балоев 80-ші орыннан 79-шы орынға, Еділ Қожамбердиев 89-шы орынға көтерілді (91-ші орында болған).

Екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы 17-ші орынға табан тіреді, Нұрзат Сабиров 34-ші орыннан 30-шы орынға, Али Ахмедов 32-ші орынға көтерілді. Орта дивизионда Қанат Ислам 14-ші орынды сақтап қалды, Мейірім Нұрсұлтанов 16-шы орынға тұрақтады, Жәнібек Әлімханұлы 28-ші орында. Орта салмақтағы IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин болып отыр.

Бірінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Садриддин Ахмедов 30-шы орында (-3), Мадияр Ашкеев - 68-ші орында (-1). Жартылай орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабаев 29-шы орынға жайғасты, Данияр Елеусінов 39-шы орынға тұрақтады, Бобиржан Моминов 73-ші орыннан 72-ші орынға көтерілді. Бірінші жартылай орта дивизиондағы Батыр Жүкембаев өз орнын 11-ден 10-ға жақсартты, ал Жанқош Тұраров — 47-ші (46-шы орында болды) орынға түсіп қалды.

Жеңіл салмақтағы Виктор Коточигов 37-ші орында (-1), Абылайхан Хусаинов ТОП-100-ден шығып кетті. Екінші жартылай жеңіл санаттағы Станислав Калицкий 66-шы орыннан 64-ші орынға көтерілсе, Сұлтан Зәуірбек төрт орынға жоғарылап, 76-шы орынды иеленді. Жеңіл санаттағы Елшат Нығметолла үш позицияға жоғарылады — 51-ші орын.