«Қасиетті домбыра шанағынан төгілген қоңыр үнге елітпейтін, асау күй ағынын естігенде көз алдына жазира дала елестеп, ат тұяғының дүбірін сезінбейтін қазақ кемде-кем болар. Бірақ, бізге үйреншікті домбыраның осы келбеті мен үні бұрын басқаша болғанын және өткен ғасырда үлкен өзгерістен өткенін білеміз бе? Ол реформаны атақты шеберлер Эммануиль және Борис Романенколар жасаған.
«Біз біргеміз!» топтамасының кезекті бейнеролигінде ағайынды Романенколардың қазақтың қасиетті қара домбырасын қайта түлетіп, жасалу әдісін заман талабына сай жаңғыртуы туралы баяндалады» деп жазды Дәурен Абаев.