Ресейдің Сочи қаласында кәсіби жауынгерлік самбодан төртінші халықаралық турнир мәреге жетті. «Платформа S-70» деген атаумен өткен бұл жарысты «Самбо-70» және «League S-70» білім беру орталықтары ұйымдастырды.

Байрақты бәсекеге Ресей самбошыларынан бөлек, Қазақстан, Украина, Латвия, Болгария, Австрия, Венесуэла, АҚШ және Оңтүстік Африка Республикасы секілді елдердің спортшылары қатысты. Оның финалында ресейлік Вячеслав Василевский мен оңтүстікафрикалық Тревор Пренгли кездесіп, шайқас алаң иесінің техникалық нокаутымен аяқталды. Бұлардың біріншісі Ресейдің 2012 және 2013 жылдарғы чемпионы болса, келесісі бразилиялық джиу-джитсудың қара белбеуінің иегері екен. Ал командалық сайыста Ресей командасы әлем құрамасын 4:1 етіп ұтты.
Құрамалар бұдан бөлек, өзара бірнеше жолдастық кездесулер өткізді. Онда Ресей мен Қазақстан жасақтары қарсыластарынан екі мәртеден басым түссе, Украинаның бас командасы бір жеңіске қол жеткізді. Осылайша қазақ самбошылары намысты қолдан бермеді.
«Егемен-ақпарат».