20 Тамыз, 2013

Жаңа орталық салынады

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Тастанбек Есентаев Спорт күніне байланысты өткен кездесуде келесі жылы Астанада мүгедек спортшыларға арналған олимпиадалық орталықтың ашылатынын хабарлады.

Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Тастанбек Есентаев Спорт күніне байланысты өткен кездесуде келесі жылы Астанада мүгедек спортшыларға арналған олимпиадалық орталықтың ашылатынын хабарлады.

– Келесі жылы мүге­дек спорт­шылардың жетіс­тіктерін арттыруға жағдай жасайтын олимпиадалық ор­талық ашылады. Қазір оның құрылысына Үкімет тарапынан 129 млн. теңге қаражат бөлін­ді. Өзде­рі­ң­­із­­ге белгілі, соңғы кез­­дері параолимпиадалық жә­не сур­д­­­­олимпиадалық спорт­шы­­­­ла­­рымыздың ха­лық­аралық арена­дағы жетіс­тіктері ­ ке­ле­ді. Сондықтан оларға мем­­лекет тарапынан үлкен қол­дау көрсетілуде, – деді ол.

Кездесуде ол бұған дәлел ретін­де 26 шілде мен 6 тамыз аралығында Болгарияның София қаласында өткен сурд­­­олимпиадалық ойындар­да Ғабит Есжановтың чемпи­он атанғанын, ал суға жүзу­ден параолимпиадалық спорт­шыларымыз осы күн­дері Ка­надада өтіп жат­қан әлем чемпионатында алғаш рет әлем рекордын жаңартқанын атап өтті. Оның айтуынша, мұның бәрі елімізде мүгедектер спор­­тын дамытуға жасалып жатқан жағдайды көрсетеді. Қазіргі кезде қаржыландыру, ұйымдастыру жағынан бар­­­лық мүмкіндіктер бар. «Сондықтан қазақстандық мүгедек спортшылар жос­­пар бойынша, белгіленген жарыстардың барлығына қатысуда», – деді ол.