Елбасы • 06 Наурыз, 2020

Көңіл айту жеделхатын жолдады

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльярдың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі.

Көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті перулік дипломат және саясаткер, Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльярдың қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

«1991 жылы мен оның есіміне Қазақстанның Бірік­кен Ұлттар Ұйымына жаңа мүше болып қабыл­дануы туралы хат жібергенмін. Хавьер Перес де Куэ­льяр біздің еліміздің осы Ұйымға қосылу процес­іне үлкен еңбегін сіңірген тұлға»,  делінген жеделхатта.

«Осынау азалы сәтте саясаткердің отбасы мен туыс­тарына, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымындағы әріптестеріне қайғырып көңіл айтамын», делінген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке жолданған жеделхатта.