WBC тұжырымы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы және WBC Asia белдігінің иегері Ахмедов кәсіпқой бокстағы 12-ші кездесуі 12 наурызда өтуі тиіс болған. Бірақ отандасымыз жаттығу барысында жарақат алып, жекпе-жекті кейінге шегеруге мәжбүр болды.
22 жастағы қазақ боксшысы Марио Альберто Лосаномен жұдырықтасуы керек еді. 32 жастағы Мексиканың спортшысы 2005 жылдан бері кәсіпқой рингте жұдырықтасып жүр. Сол кезден бері 43 жекпе-жек өткізіп, 33 рет жеңіске жетті. 24 қарсыласын нокаутпен жеңген.
Отандасымыз соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, аргентиналық боксшы Хосе Антонио Вильялобості (12-6-2, 7 КО) жетінші раундта нокаутқа жіберген болатын.