Енді екі қабаттан тұратын Red Bus автобусындағы шолу экскурсиясының жаңартылған бағыты қаланың оң жағалауының көрікті жерлерін қамтиды.
Жаңа маршруттың ұзындығы 30 км-ден асады.
Автобус қатынайтын көрікті орындар қатарына:
- Есіл өзенінің жағалауы
- Астана концерт залы
- Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайы
- екі ұлы қазақ хандарына арналған Керей мен Жәнібек ескерткіші
- Елбасының жұмыс резиденциясы
- "Жер ана" ескерткіші
- "Арыс" көпірі сынды жерлер жатады.
Ескі бағыт пункттері:
- Хан Шатыр сауда ойын-сауық орталығы
-"Мәңгілік Ел" қақпасы
- "Нұр-Әлем" Болашақ энергиясы мұражайы
- Ұлттық музейі - Астана Бәйтерек Монументі - "Ailand" отбасылық демалыс орталығы
Еске сала кетейік, экскурсия Red Bus автобусында Hop-On Hop-Off принципі бойынша өткізіледі. Әрбір автобус 8 тілдегі (қазақ, ағылшын, орыс, қытай, неміс, түрік, испан, француз) аудиогидпен жабдықталған.
Құны: Ересектерге - 3 000 теңге Балаларға, студенттер мен зейнеткерлерге - 2 000 теңге 5 жастан кіші балаларға-тегін Экскурсия автобусы туралы толық ақпаратты redbus.kz -тен табуға болады.