18 Тамыз, 2013

Аяғы жоқ қазақстандық әйел жүзуден әлем чемпионатында рекорд жаңартты

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан денелерінің тіректі-жылжымалы бөлігіне нұқсан келген спортшылар арасындағы әлем чемпионатында екі баяғы бірдей жоқ қазақстандық жүзуші Зүлфия Ғабидуллина бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Зульфия Габидуллина-1

Айта кететіні, бұл чемпионат 8-20 тамыз аралығында өтеді. Онда Жамбыл облысының өкілі 50 метрлік қашықтыққа еркін жүзудің іріктеу сынағында S3 тобындағы әйелдер арасында әлем рекордын жаңартты. Ол 0:41.40 секундтық уақыт көрсетті. Бұған дейін бұл рекорд 0:47.79 көрсеткішімен Қытай спортшысының еншісінде еді.

 

Зульфия Габидуллина-2

Финалдық жүзу жарысында Зүлфия екінші орынға шығып, күміс медальді мойнына тақты. Ал қола медальді 50 мерге шалқалай жүзуде алды.

Зульфия Габидуллина-3

Әзірге Қазақстан құрамасы қоржынында осы екі медаль ғана бар.

Зульфия Габидуллина-4

 

 

Дамир Қожамқұл.