Қоғам • 06 Наурыз, 2020

Тасқынға тосқын жасайтын комиссияның отырысы

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде әкімнің орынбасары Руслан Әлішевтің төрағалығымен облыстық эвакуациялық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Тасқынға тосқын жасайтын комиссияның отырысы

Комиссия мүшелері көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тұрғындарды орналастыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде облыстық, қалалық және аудандық эвакуациялық комиссиялардың дайындық жағдайы туралы мәселені қарады.

Р.Әлішев қатысушылардың назарын азаматтық қорғау қызметтерінің алдағы су тасқынына дайындығының маңыздылығына, эвакуациялық іс-шараларды жедел өткізуге, адамдар өмірі мен материалдық құндылықтарды құтқаруға аударды. «Қазір ең басты міндет - халықты және үй жануарларын су басу аймақтарынан көшіруге, адамдарға алғашқы көмек көрсетуге байланысты барлық шаралар жасауға дайын болу. Сонымен қатар, барлық деңгейдегі азаматтық қорғау қызметтерінің өзара келісімді іс-қимылдарына баса назар аудару керек», - деді ол. Эвакуациялық комиссияның дайындық жағдайы туралы Департаменттің азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы майор Мұрат Қанғожинов баяндама жасап, іс- шараға қатысушыларды облыстағы жұмыстың жай-күйімен таныстырды.

Аудандық эвакуациялау комиссияларының жұмысына жүргізілген тексеруді есепке ала отырып, ол облыс аудандарын эвакуациялау жоспарларын нақтылау, оларда жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғау қызметтерінің, ұйымдар мен шаруашылық объектілерінің өзара іс-қимыл деңгейін егжей-тегжейлі көрсету қажеттігін атап өтті. «Осы уақытта дейін үлкен жұмыс атқарылды. Эвакуациялық іс-шараларды өткізу үшін тартылатын күштер мен құралдардың есебі жүргізіледі».
- деп атап өтті ол.

 

Солтүстік Қазақстан облысы