Аймақтар • 07 Наурыз, 2020

Полиция қатарындағы 37 қыз-келіншек марапатталды

768 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО полиция қатарында 494 қыз-келіншек қызмет етеді. Оның 363 –і офицерлер мен сержанттар болса, 81 – әкімшілік мемлекеттікқызметшілер. Сондай-ақ 50 еңбек шарты бойынша жұмыс істейді. Облыстық аппаратта 6 әйел қызметкер дербес бөліністі басқарады, оның 3-уі полиция полковнигі.

Полиция қатарындағы 37 қыз-келіншек марапатталды

Солтүстікқазақстандық Полиция департаментіндегі осынау әйелдер корпусының қатарынан Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 37 үздік қызметкерлер түрлі марапаттар алды. 8 наурыз қарсаңындағы салтанатты жиында Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев жеке құрамдағы қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтап, әйел қызметкерлердің Қазақстан азаматтары мен мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы, қылмысқақарсы күрестегі баға жетпес үлесін атап айтты. «Қымбатты әйелдер қауымы, осы айтулы күні Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, сүйіспеншілік, бақыт, отбасының амандығын, барлық арман-тілектеріңіздің орындалуын, еңбек пен қызметте жетістіктер, көктемнің жайма шуақ күніндей көтеріңкі көңіл-күй тілеймін», деді ол сөзінің соңында.

Марапатталғандардың арасындағы алты қызбен келіншектерге кезекті арнаулы атақтар табыс етілді. Соның ішінде төртеуі «полиция майоры» атағын иеленсе, екеуі «полиция лейтенанты» погонын иықтарына тақты. «Қолдаушы», «Ерен еңбегі және қосқан үлесі үшін» естелік медальдарымен, ПД алғыс хаты және грамотасымен ішкі органдарының алты әйел ардагері марапатталды.

Салтанатты іс-шара облыстық полиция ведомствосындағы мәдени орталықтың погон таққан әртістері дайындаған әсерлі концерттік бағдарламамен аяқталды.