Аймақтар • 07 Наурыз, 2020

Шымкент «2020-ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанатына шақырады

770 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Шымкент қаласы үшін мерейлі мерекелердің жылы болмақ. Соның ішінде әлем назарын өзіне аударған айтулы «Шымкент 2020-ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы өтпек. 

Шымкент «2020-ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанатына шақырады
Аталған думанды шара 20 наурыз сағат 18:00-де Шымшаһардағы Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтеді деп күтілуде. 
 
Жыл басы Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында тойланатын ауқымды кешке 800-ге жуық Шымкент қаласының өнерпаздары мен Алматы, Астана қалалары мен ТМД елдерінен 300-ден астам өнерпазы қатысады. Ашылу салтанатын 16 мыңнан астам қала тұрғындары мен сыйлы қонақтар тамашалайтын болады.
 
Қазіргі таңда билеттер Shymkent Plaza, Mega Planet, Қажымұқан атындағы Орталық стадион, Түркістан сарайы, ТИКЕТОН және  Pillikan онлайн-билет сату дүкендерінде сатылып жатыр. 
 
«Көктемнің алғашқы айында барша қазақстандықтарды Шымкенттің тарихи, мерейлі мерекесінің құрметті қонағы болуға шақырамыз!», дейді шара ұйымдастырушылары.