Әлем • 07 Наурыз, 2020

Коронавирус белгілері өзгеріпті

20904 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Осыдан үш  сағат бұрын Қытай ғалымдары коронавирус белгілерінің өзгеруін анықтады.  Бұл туралы  ҚХР әлеуметтік ғылымдарды зерттеу желісінде (SSRN) хабарлады.

Коронавирус белгілері өзгеріпті

Зерттеушілер Ухань университетінің халық ауруханасында 89 науқасты екі топқа бөлді. Біріншісіне 16-22 қаңтар аралығында 31 адам жұқтырған, екіншісі –  23-29 қаңтар аралығында ауырған 58 адам  адамдар жіктелген.

Бірінші топтағы пациенттердің көпшілігінде қызба, әлсіздік, бұлшықет ауыруы, сондай-ақ қақырық бөлінуі және лимфоциттердің төмен деңгейі байқалды. Екінші топтағы науқастарда бұл белгілер жоқ немесе аз байқалды. Алайда басқа белгілер – жөтел, жүрек айну, диарея және кеудедегі ауырлық - екі топтағы пациенттерде айтарлықтай ерекшеленбеді.

Ғалымдардың айтуынша, коронавирустың жаңа түрі біртіндеп тұмауға ұқсас вирусқа айналуы мүмкін.

Ғалымдар коронавирустың жаңа түрі біртіндеп тұмауға ұқсас вирусқа айналып кету мүмкіндігін ескерте бастады. «Ол денеде ұзақ уақыт көрінбеуі мүмкін» деген болжамдар да ашық айтыла бастады.

ДДҰ   дәрігерлер вирустың әртүрлі климаттық жағдайда қалай пайда болатындығы туралы ақпаратқа ие емес екенін және оның жылы мезгілде таралу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.