![Түркістан: Облыс әкімі Арыстағы балалар үйіне барды](/media/2020/03/08/crop-57_17_580x773_balalar-uyi1.jpg)
Сын сағатта жандарынан табылған облыс әкімін қуанышпен қарсы алған балғындар балалар үйінің барлық бөлмелерін бірге аралап шықты. Өлең-жырларын оқып, анаға деген сарқылмас сағыныштан туған әндерін шырқады. Қара шаңырақта бүгінде 60-тан астам бала өсіп жатыр. Олар отбасылық негізде тәрбиеленеді. Яғни отбасы мүшелері жасақталып, ана мен бала жүйесі қолға алынған. Жеті бірдей отбасына бөлінген балалар үйінде олардың толыққанды өмір сүруіне барлық жағдай жасалған, жеке бөлмелері, компьютерлік сыныптар, спорттық бөлмелер бар.
Балалардың тұрмыс тіршілігіне қанығып, өнерін тамашалаған Өмірзақ Естайұлы, сондай-ақ осыдан 98 жыл бұрын қызметін бастаған мұражай жұмысымен танысты.
Түркістан облысы