Аймақтар • 08 Наурыз, 2020

Павлодарда агроөнеркәсіптік кешен үшін мамандар даярлануда

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр облыс  орталығындағы С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің Агротехнологиялық факультетінде Агро-Инновация және Биотехнология ғылыми-зерттеу институты ашылды.

Павлодарда агроөнеркәсіптік кешен үшін мамандар даярлануда

Институт  оқу орнының құрылымдық бөлімшелерінің бір ретінде қазір өз жұмысын бастап кетті.

Агротехнологиялық факультет-өңірдің агрөнеркәсіптік кешені үшін  агрономдар, мал шаруашылығын өнімдерін өндіру технологиясы, орман ресурстары және орманшылық және  техникалық бағыттағы биотехнология, тамақ өнімдерінің технологиясы  қажетті мамандарды даярлайды.

Өңірдегі Орловка  ауылында орналасқан «Победа» серіктестігінде  факультеттің филиалы жұмыс істейді.

Филиал «Ауыл шаруашылық мамандықтарына арналған дуальды білім беру оқу орталығы» серіктестік директоры Александр Поляков пен факультет деканы, профессор Тоқтар Бексейітовтің бастамасымен ашылды.

Ал, жуырда Агроинновация және биотехнология ғылыми-зерттеу институтында «Сүтті және етті асыл тұқымды  малды өсірудің ғылыми тәсілдері» атты  оқыту курстары өткізілді.

Сонымен қатар, малдарды қолдан ұрықтандыратын мамандарға да осы саладағы жаңашылдыққа сай арнайы лекциялар барысында  айтылды.

Студенттерге арналған ғылыми тақырыптағы курстарды ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор Тоқтар Бексейітов, ғылым кандидаты, профессор Надия Борамбаева, ғылым кандидаты, профессор Рүстем Әбілдинов, phD, профессор Талғат Сейтеуовтер жүргізді.

Ал, ғылыми-зерттеу институтының директоры Қайролла Ақажановтың айтуынша, мұндай курстар енді тұрақты түрде  жыл сайын өткізіледі.

Курстардың тәжірибелік бөлігі-облыстың алдыңғы қатарлы шаруашылықтарында өткізіледі. Студенттрге малды қолдан ұрықтандыруды оқытудан басқа, эмбриондарды трансплантациялауды қалай ұйымдастру керектігі  көрсетіледі.

Курс аяқталғаннан кейін, студенттердің алған білімдері арнайы емтиханда бағаланды. Оқу соңында студенттерге тиісті сертификаттар табыс етілді.

 

Павлодар облысы

Суретті  түсірген: Аман  Смайыл