Экономика • 08 Наурыз, 2020

Қазақстан әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыру саясатын ұстанады

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының делегациясы ОПЕК-ке мүше және мүше емес мемлекеттердің министрлер жиналысының кеңесіне кірді. «Қазақстан ОПЕК + мемлекеттерімен бірге әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыру саясатын ұстанады» деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыру саясатын ұстанады

Апта басында қазақстандық делегация қатысқан ОПЕК + министрлердің бірлескен бақылау комитетінің 18-отырысында әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыру бойынша тиісті ұсыныстар жасады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының делегациясы ОПЕК-ке мүше және ОПЕК-ке мүше емес елдер министрлерінің 8-отырысына қатысты.

Отырысқа қатысушылар әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған бірлескен шараларды талқылады. Кездесу қорытындылары бойынша келісім тараптары өзара тиімді ынтымақтастық бойынша консультацияларды жалғастыруға шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, ОПЕК + мүше елдердің  қолданыстағы келісімінде  осы жылдың 1-ші тоқсанының аяғына дейін ОПЕК + елдерінің мұнай өндірісінің тәулігіне 1,7 млн ​​баррельге төмендеуі айтылған. Сонымен бірге Қазақстанның 2018 жылдың желтоқсанында қабылданған келісім бойынша тәулігіне 1,843 млн баррельді құрайды.

Айта кету керек, қолданыстағы келісімнің 13 айының қорытындысы бойынша (2019 жылдың қаңтары - 2020 жылдың қаңтары) Қазақстан өз міндеттемелерін орындады.

 

 

АЛМАТЫ